Жас ғалымдармен өткен салиқалы кездесу 01.11.2019 2019 жылғы 1 қарашасында Академияның ғылыми – педагогикалық магистратурасының 1 және 2 курс магистранттарымен қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының кафедра профессоры заң ғылымдарының докторы, профессор Скаков Айдархан Байдекович кездесу өткізді. Кездесу барысында, қазіргі таңда еліміздің қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларында болып жатқан жаңылықтар, өзгертулер талқыланды. Сонымен қатар, Айдархан Байдекович сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы, осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы сөз қозғады. Ал 1 курс магистранттарымен кездесу барысында профессор, жас ғалымдарға ғылыми жұмыстың жазылу тәртібі мен ережелерін, эмперикалық материалдарды жинақтау бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кездесу барысында магистранттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, профессормен ой бөлісті. Осындай кездесулер жас ғалымдарға өздерінің болашақ ғылым жолындағы қызметтерінде оң әсерін тигізеді деген үміттеміз. ҚҚАҚ және К кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Г. Кажикова