Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық 27.09.2019 Айтыс — қазақ халқының әдеби мол мұрасы, ұлттық құндылығымыз. Осы ұлттық құндылықты өз көздерімен көріп, көзайым болу үшін 2019 жылдың 26 қыркүйегінде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Костанай академиясының 2 курс 208 — оқу тобының курсанттары, өздерінің кураторларымен бірге Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты республикалық ақындар айтысын тамашалап қайтты. «Қазақстан» телеарнасының қолдауымен Жастар сарайында өткен бұл республикалық іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен келген айтыскер ақындар сөз жарыстырды. Бұл айтыс курсанттар үшін естен кетпестей болды. Айтыскер ақындардың сөз саптауы тыңдаушылардың делебесін қоздырып, шабыт сыйлады. Осы Республикалық іс-шара Академия курсанттарынның рухани байлығын қазақ халқының сөз өнерімен тағы да сусындатты. 208-оқу тобының кураторы полиция лейтенанты С. Ержанова