Пробация қызметінің мамандарын оқыту орталығы

Орталықтың құрылу тарихы 2016 жылдың қаңтарынан бастау алады, ол кезде ЕО жобасы өкілдерінің Академияға бірінші жұмыс сапары кезінде, кездесу барысында генерал М. А. Қызылов Қостанай академиясының базасында Алматы және Қарағанды академияларында жұмыс істейтін орталықтармен ұқсас ЕО жобасының қолдауымен пробация қызметкерлерін даярлау орталығын құру туралы мәселеге бастамашылық жасады. Бұл ұсыныс мақұлданып, жоба өкілдері ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді және жоба құрылтайшыларының отырысында идеяны таныстыру үшін негіздеме сұрады. Осы сәттен бастап пробация қызметкерлерін оқыту жөніндегі орталықты іске қосу үшін негіздемелерді, ұсыныстарды, есептерді дайындаудың, жұмыс кеңестерін және кездесулерді өткізудің күрделі кезеңі басталады.

Орталықтың ресми ашылу күні — 2018 жылғы 9 қараша. Бұл күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі К.Қасымов Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының базасында штаттық саны 5 адам «Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығы» дербес құрылымдық бөлімшесін құру туралы бұйрыққа қол қойды.

Орталық құру идеясы Ұлт жоспарының 33 қадамын іске асыру аясында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін жетілдіруге және бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкімдерді орындау тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар легіне қосылды. Аталған мақсатқа қол жеткізу қазақстандық қоғам үшін маңызды әлеуметтік-саяси мәнге ие болады, соған байланысты осындай шараларды жүзеге асыруға жауапты мамандандырылған органның институционалдық дамуы басталады.»

Республикамызды бас бостандығынан айырумен байланысты емес баламалы жазалау шараларын кеңінен пайдалана отырып, пробация қызметін одан әрі дамытуға бағытталған «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одағының жобасының қолдауымен Академия базасында орталықты кейінен ашу үшін әдіснамалық негіз пысықталды және орталықты техникалық жарақтандыру жүргізілді.

Осы жоба аясында оқыту қажеттіліктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілгеннен кейін, белгіленген басымдықтарға сәйкес оқытушылар мен басшы құрамды оқытудың мамандандырылған оқу жоспарлары әзірленді. 2016 жылы 46 адам «Тренерлерге арналған Тренинг» біліктілікті арттыру курстарынан, 12 қызметкер халықаралық сарапшылар мен кәсіби жаттықтырушылар Томас Патерсон, Питер Роджерс, Кэтрин Фуллер, Глина Хукингза және Тим Миклимнің қатысуымен басшыларға арналған «көшбасшылық» курстарынан өтті.

Бұдан әрі ЕО жобасы серіктестерінің қатысуымен пробация қызметкерлері үшін жұмыс бағдарламасының жобалары әзірленді, «құқық бұзушылық тәуекелдерін бағалау жүйесі»икемдеп берілді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңының анықтамасы бойынша пробация қызметі пробациялық бақылаудың негізгі субъектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы пробациялық процесс енді қана өз қарқынына ие болуда, бұл қызметкерлердің ішкі интеграциясының, оларды ерекше кәсіби топқа шоғырландырудың және ҚАЖ қызметкерлерінің осы санат үшін бейімделген білім беру жүйесін құру қажеттілігін алдын ала айқындайды.

Пробация қызметі субъектілерін сапалы және тиімді даярлауды қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында. Пробация қызметі мамандарына арналған оқу орталығы құрылды.

Орталықтың ашылуы Еуропалық Одақ жобасының қаржылық және әдістемелік қолдауымен мүмкін болды Орталықтың іске қосылуы Солтүстік Ирландияның Ынтымақтастық Ұйымымен (NI-CO) Ұлыбритания әділет департаментімен, Нидерланды пробация қызметімен және Польшаның сот және прокуратура ұлттық мектебімен серіктестікте тікелей жүзеге асырылған «Қазақстан Республикасындағы сот реформасын қолдау» бағдарламасында қарастырылды.

Осы пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында халықаралық сарапшылар мультимедиялық жабдықты Пробация оқу орталығына тапсырды, оны академияда қолдану Қазақстанда пробация қызметкерлерін даярлау мен біліктілігін арттыруда заманауи инновациялық оқыту әдістері мен қашықтықтан оқытуды қолдануға мүмкіндік береді.





Жунусова Елена Сеилхановна-2007 жылдың қыркүйек айынан бастап пробация қызметінің мамандарын ішкі істер органдарында оқыту орталығының оқытушы-әдіскері. 2011 жылы ҚР ӘМ ҚАЖ комитетінің Академиясын бітірген, ҚАЖ пробация қызметінде үлкен тәжірибесі бар (11 жыл), инспектордан бөлім бастығының орынбасарына дейін.

Примкулова Алмагуль Алматовна — пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығының аға оқытушы-әдіскер, құқық қорғау қызметінің магистрі, полиция подполковнигі.