ПРИЕМ НА ОБУЧЕНИЕ ПЕРВОНАЧАЛЬНАЯ ПОДГОТОВКА

Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығы.

Алғашқы кәсіптік даярлауға іріктеуді ұйымдастыру

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметтеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

— жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш;

— кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;

— осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

— осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

— осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған немесе басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

— бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

— еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

— әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

— кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

— Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

— біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады;

— екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Осы бұйрықтың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін кандидатқа:

— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларға (бұдан әрі – ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту үшін жолдама беріледі.

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘДК-ден өткеннен кейін ІІО тиісті бөлінісіне полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдама берілді.

Заңның 11-бабының 6-тармағына сәйкес кандидат ІІМ білім беру ұйымында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткеру туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша міндеттеме қабылдайды.

Медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін кандидаттардың жеке істері қалыптастырылады.

Медициналық және психофизиологиялық куәландыру мен тексерудің теріс нәтижелері кезінде үміткерге емдеу және (немесе) Заңның 6-бабы қосымша 2-тармағының 5), 6) және 6-1) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің аяқталуы бойынша іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қайта беру мүмкіндігін көрсете отырып, жазбаша дәлелді бас тарту жіберіледі.

Міндетті арнайы тексеру жүргізуге арналған материалдар ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелеріне жолданады.

Міндетті арнайы тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда ІІМ білім беру ұйымына кандидатты алғашқы кәсіптік оқудан шығару қажеттілігі туралы хат жолданады.

 

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізу тәртібі

Кандидаттарды іріктеу және алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу қабылдау комиссиясына жүктеледі.

Әңгімелесу өткізу және әрбір кандидаттың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа үміткерлерді іріктеу бірқатар төмендегідей жүйелі кезеңдерден тұрады:

— бірінші кезеңде – қалыптасқан жеке істердің негізінде кандидаттардың тізімдері қалыптастырылады;

— екінші кезеңде–осы Қағидалардың 17-25-тармақтарының талаптарына сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру.

— үшінші кезеңде–қабылдау комиссиясы үміткерлермен, ал үміткердің қалауы бойынша оның ата-анасын, зайыбын (жұбайын) шақыра отырып әңгімелесу өткізеді. Үміткердің ІІО-ға қызметке түсу себептері анықталады. Үміткердің назары қызметтегі шектеулерге, болашақ қызметінің сипатына, оны жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мүмкіндігіне, сондай-ақ ІІО-да қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға аударылады.

Іріктеудің әрбір кезеңінен бір рет қана өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді.

«А» және «Б» санатындағы кандидаттардың дене шынықтыру даярлығының деңгейі олардың мына нормативтерді тапсыруы арқылы айқындалады:

1) Ерлер:

таңдауға – 100 метр қашықтыққа жүгіру не сырғымалы жүгіру (10 метр 10 рет);

таңдауға – аспаға тартылу не сырыққа таянып тұрып денені көтеру;

таңдауға – 1000 метр қашықтыққа жүгіру не күш жаттығуларының кешені (жатып тіреніп кеудені жерден көтеру, жатып тірену қалпынан толық отыру қалпына ауысу, арқаға жатып денені көтеру).

2) Әйелдер:

таңдауға – 100 метр қашықтыққа жүгіру не сырғымалы жүгіру (10 метр 10 рет);

таңдауға – арқаға жатып денені көтеру не жатып тіреніп кеудені жерден көтеру;

таңдауға – 1000 метр қашықтыққа жүгіру не жатып тірену қалпынан секіру.

Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру барысы техникалық бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеледі.

Алғашқы кәсіптік даярлықта оқу тағылымдамадан өту кезеңіне кіреді.

Оқуға жіберілген кандидаттарға еңбек шартына сәйкес тағылымдамадан өту уақыты үшін атқарып отырған лауазымы бойынша штат кестесінде көзделген лауазымдық айлықақы төленеді.

ІІМ білім беру ұйымдары оқуға жіберген кандидаттармен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт жасасады.

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары

Алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысына (бұдан әрі – тыңдаушылар) өзімен бірге:

— жеке куәлігі;

— маусымдық камуфляж түсті форма: жазғы – қалпақ, күрте, шалбар, камуфляж түсті футболка және қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; қысқы – камуфляж түсті астары жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай-ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке;

— спорттық форма және аяқ-киім;

-) жеке гигиена заттары;

— жазу құралдары болуы қажет.

Тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен және тұрумен қамтамасыз етіледі.

2-қадам

Деректерді толтырыңыз және құжаттарды жүктеңіз
(әр құжат үшін максималды Өлшем-jpg, png, gif, zip, pdf, doc, docx, rtf форматында 5 МБ)