МАГИСТРАТУРА

Магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлерге

Ұлттық тестілеу орталығының хатына сәйкес (шығыс. № 15-10-7-3-1192 18.06.2021 ж.) 2021 жылы шет тілінен түсу емтиханы (бұдан әрі — емтихан) электронды форматта өтеді. Осыған байланысты, магистратураға және PhD докторантураға түсуші үміткерлер Академияның қабылдау комиссиясына өтініштерін білдірмей а.ж. 15 шілдесіне дейін өз бетінше емтиханға қатысуға өтініш береді.
Оқуға түсушілер app.testcenter.kz сайт арқылы өтініш беріді. «Өтініш беру» парақшасында тестілеу форматын таңдаймыз: жоғары оқу орнынан кейінгі білім → шет тілдерінен түсу емтиханы (азаматтық емес жоғары оқу орындар). Тестілеу ақысы 6492 теңгені құрайды.
Тестілеу а.ж. 1-15 тамыз аралығында өтеді.
Емтихан тапсырғаннан кейін сертификат көшірмесін а.ж. 16 тамызына дейін Академияның қабылдау комиссиясына жіберу қажет (факс: 8-7142-26-57-40, эл. пошта: kyimjurk@mail.ru, ablai-xan@mail.ru).
Еске саламыз шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарға) сәйкес халықаралық сертификаттары (TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEFL, IELTS, IELTS, IELTS INDICATOR, CEFR, Test DaF, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF) бар оқуға үміткерлер емтиханнан босатылады.
_______________________________________________________________________________________________________________

Құрметті магистратураға оқуға түсуші кандидаттар!

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (бұдан әрі — Академия) кандидаттарды ғылыми және педагогикалық магистратураға оқуға түсуге шақырады.
1. Жалпы ережелер
Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға оқуға кандидаттарды қабылдау қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Академия магистратурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.
Академияның магистратурасына қабылдау емтихандары жыл сайын 1 және 20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.
2. Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі.
Академияның магистратурасына жоғары білім беру бағдарламаларын игерген оқуға кандидаттар қабылданады.
Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
Академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға оқуға кандидаттары өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді (ішкі істер министрінің орынбасарына (бұдан әрі – министрдің орынбасары), ПД, КПД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына).
Академияның ғылыми және педагогикалық магистратураға оқуға кандидаттарды іріктеу үшін министрдің орынбасарының, ПД, КПД, ҚАЖД, ТЖД, және ІІМ білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен іріктеу комиссиялары құрылады.
Іріктеу комиссиясы магистратураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, оқуға кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.
Кадр қызметтері Академияға ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:
1) жеке ісі;
2) оқу ісі, ол:
— оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;
— қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;
— іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
— жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
— шетел тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен;
— кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
— өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
— Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтамадан (бұдан әрі — 086-У медициналық анықтама);
— ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (олар бар болса) тұрады.
3. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі
Академияның магистратурасына оқуға түсетін кандидаттар:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Мынадай емтихандар бойынша:
— ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл — кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
— неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
— француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға кандидаттар магистратураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.
Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан білімінің алдыңғы білім деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.
Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.
4. Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасына қабылдау.
Ғылыми және педагогикалық магистранттар қатарына қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы конкурстық негізде жүзеге асырады.
Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға кандидаттар қабылданады.
Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға кандидаттарға бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған оқуға кандидаттарға беріледі, егер мамандық бойынша қабылдау емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған кандидаттарға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.
Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Академияның бастығы оқуға кандидаттарды ішкі істер органдарынан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын Академия магистратурасына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы бойынша сұрақтар

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы бойынша сұрақтар

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша сұрақтар

Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы бойынша сұрақтар

Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары