2-Қадам

Тұрғылықты жеріңіз бойыншаокругтік әскери-дәрігерлік комиссияданөту үшін жолдама алған кезде Сізге құжаттар мен зерттеу нәтижелерінің мынадай тізбесін дайындау қажет:

1)Соңғы 5 жылдан кемемескезеңдегі денсаулық жағдайын сипаттайтын электрондық медициналық карта және (немесе) амбулаториялық картадағы мәліметтердің қағаз көшірмелері,амбулаториялық карта болмаған жағдайда-бекітілген емханадан себебін көрсете отырып, анықтама алу (жоғалған, басталмаған және т. б.);
2)Бақылау(жұмыс, оқу немесе қызмет) орны бойынша,учаскелік дәрігерденэлектрондық немесе амбулаторлық картадан және басқа да медициналық құжаттардан, сонымен қатар, әйел адамдар тіркелген жері бойынша гинеколог дәрігерденденсаулық жағдайы, дәрігерге қаралуы туралы мәліметтер,динамикалық бақылау жәнесоңғы 5 жылдан кем емес кезеңдегі ауырған аурулары туралы үзінді көшірме алу;
3) облыстық (республикалық маңызы бар қалада немесе астанада тұрған кезде — қалалық) наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы,тері-венерологиялық диспансерлерден динамикалық бақылау жәнесоңғы 5 жылдан кем емес кезеңдегі ауырған аурулары туралы үзінді көшірме алу (аудандық емдеу-профилактикалық мекемесінің психиатриялық кабинетінен алынған мәліметтердің болуы қалалық, облыстық диспансерлерден анықтама беруді жоққа шығармайды, ал тұрғылықты жері өзгерген жағдайда көрсетілген кезең ішінде тұрғылықты жері бойынша психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар ұсынылады);
4)әскери билет (тіркеу куәлігі);
5)жұмыстан шығару негіздемесі көрсетілген жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді (бұрынғы қызметкерлер жәнеәскери қызметшілер үшін), ал денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатуда -ӘДК-нің тиісті қорытындысының көшірмесі;
6)МҚ басталғанға дейін күнтізбелік 14 күннен ерте емес өткізілгенмедициналық зерттеулердің нәтижелері:
— клиникалық (кеңейтілген) қанталдауы;
-Вассерманның мерезге немесе микропреципитацияреакциялары (микрореакциялар)
— жалпы зәр талдауы (микроскопиямен);
— тазалық дәрежесіне жағынды (әйел жынысты адамдарға);
— сипаттамасы бар тыныштықтағы электрокардиография;
— ағзада есірткі және психотроптық заттар болуына тестілеу нәтижелері
(наркологиялық диспансерден);

7) МҚ басталғанға дейін күнтізбелік 3 айдан ерте емес өткізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері:
— кеуде мүшелерінің флюорограммасы (рентгенограммасы) (пленкаға немесе қағазға басылған)сипаттамасы;
8) МҚ басталғанға дейін күнтізбелік 6 айдан ерте емес өткізілгенмедициналық зерттеулердің нәтижелері:
-АИТВ-инфекциясына қан талдауы;
— В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне қан талдауы.
Кодекстің 7-бабының 31-тармақшасына сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымның бекіткен нысаны бойынша16-18 жастағы тұлғаларға егу картасын қосымша ұсынады.
Ескерту:- медициналық көрсеткіштер бойыншақажеттіқосымшатексерулер өткізіледі.
— 2023 жылдың шілдесінде біздің Академияға келгеннен кейін Сізәскери-дәрігерлік комиссияны куәландыру үшін соңғымедициналық тексеруден өтесіз.
Қажет болған жағдайда арнайы мамандардың қосымшатексеруі мен кеңес беруі өткізіледі.