Kahoot қосымшасының қыр-сырын зерттеген магистранттар

Соңғы жылдары білім тәжірибесінде дәстүрлі тесттер (стандарттандырылған тесттер жиынтығы) бірте-бірте аса тиімді онлайн тестілеу формасына алмастырылуда. Осыған орай онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі Kahoot қосымшасы болып табылады. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы білім алушылардың білім деңгейін жедел түрде тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асатын қосымша. Kahoot қосымшасы сабақ тақырыбы бойынша барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға мүмкіндік береді. Бізде бұл мүмкіндікті қолданып қалуға бел будық. Ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс білім алушылары «Басқару психологиясы» пәні бойынша тәжірибелік сабағында Kahoot қосымшасы арқылы өз білімдерін сынап көрді. Бұл тест құру жүйесі білім алушылардың ойлау қабілетін дамытып қана коймай, сабаққа деген ынтасымен талпынысын арттыруға көмектеседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен білім алушылардың арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден білім алушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады.

КПДжІІОБ кафедрасының аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н. Турсумбаева