Талапкер 2023 ж.

Буклет Костанайской Академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева

Қабылдау шарттары

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР МЕН ТАЛАПКЕРЛЕР!

Бейіндік пәндер бойынша мамандықтарға сәйкес даярлау бағыттары жөніндегі ақпарат.
Сақтап, достарыңызбен бөлісіңіздер!

Дене шынықтыру даярлығы бойынша НОРМАТИВТЕР

Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қазақстанның ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын арнаулы жоғары оқу орны болып табылады.
Академия келесі бағыттар бойынша мамандар дайындайды:
— «Құқық қорғау қызметі»;
— «Педагогика және психология»;
— «Әлеуметтік жұмыс»; Ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура.

Оқу орны екі бағыт бойынша ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің әкімшілік қызметі үшін бакалаврларды даярлауға маманданған. Академия ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін оқытуда тәжірибеге бағдарланған тәсілдерге көп көңіл бөледі.

Әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша оқуды аяқтағаннан кейін курсанттар жұмысқа орналаса отырып, келесі лауазымдарға тағайындалады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің бағыты бойынша оқитын курсанттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқаратын болады.

«Педагогика және психология» бағыты бойынша курсанттар құқық қорғау органдарында психолог инспекторлары лауазымына тағайындалады.
«Әлеуметтік жұмыс» даярлау бағыты бойынша түлектер пробация қызметінің инспекторы, ҚАЖ мекемелерінде жасақ бастығы лауазымына тағайындалады.

ІІМ Қостанай академиясына күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары және колледж түлектері қабылданады.
Оқыту мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қазақ және орыс тілдерінде түлектерге «полиция лейтенанты» немесе «әділет лейтенанты» арнаулы атағы және «бакалавр» академиялық дәрежесі беріле отырып жүргізіледі. Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі ретінде есептеледі.

Күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттар республикалық бюджет қаражаты есебінен академияда оқудың барлық кезеңіне тегін тамақпен, жатақханада тұрумен, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Ай сайын шәкіртақы, сондай-ақ демалыс кезеңінде қалааралық автомобиль және теміржол көлігімен тұрақты тұратын жеріне жол жүру құны төленеді.

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің кадр жұмысы басқармасына өтініш береді.
ЕГЕР СІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТЫ БОЛСАҢЫЗ, ӨЗІҢІЗДІ МАҚСАТТЫ, ЖАУАПТЫ, БАСТАМАШЫЛ ДЕП САНАСАҢЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ – АКАДЕМИЯ СІЗДІ КҮТЕДІ!