31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылдан бастап аталып келеді және ол қазақ халқы үшін ерекше маңызға ие. Тарихи деректер Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілгенін көрсетеді. Осы қатаң әрі сұм саясаттың салдарынан қазақ халқы тұтастай зардап шекті.
Сонымен қатар 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылықта қаза тапқандарды еске алу күні ретінде де аталып өтеді. 1932-1933 жылдары 1,5 млн. қазақтың аштықтан көз жұмғаны айтылады.
Бейбіт халық бастан кешірген бұл нәубеттер сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы болатын.