28 маусым – Шерхан Мұртазаның тілімен айтқанда «жегені — жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер күні.

Ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті!
Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!