Қостанай академиясының тыңдаушылары Академия түлегі, Әлем чемпионы, джиу джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Бермұхамбетовпен кездесті.

Дөңгелек үстелде Мұрат Ғазизұлы өмірлік тәжірибесін білім алушылармен бөлісті. Ол талай спорт саңлақтарын дайындап, мәртебелі іс атқарып келеді. Саналы ғұмырын спорт саласына арнаған спортшы ізгі болмыс иесі атанудың қағидасын айтты. Ол өз кезегінде Қостанай академиясының түлегі екенін, және осы қара шаңырақта білікті оқытушылардан тәлім алғандығын мақтан ететіндігін жеткізді. Сондай-ақ өзінің жеткен жетістіктерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, спорт саласындағы ерекше жеңістері туралы әңгімелеп, тыңдаушыларға ерекше әсер сыйлады.

Кездесу соңында М.Ғазизұлы жастарға жеңілістерге қарамастан, өжеттілік танытып, еңсені түсірмеу кеңестерін берді.



Слушатели Костанайской академии встретились с выпускником Академии, чемпионом мира, мастером спорта международного класса по джиу джитсу Муратом Бермухамбетовым.

На круглом столе Мурат Газизович поделился с обучающимися жизненным опытом. Спортсмен, посвятивший свою сознательную жизнь спорту, рассказал о своем принципе быть добродетельным человеком. Он, отметил, что является выпускником Костанайской академии и гордится тем, что обучался у квалифицированных преподавателей. Он также поделился своими достижениями, рассказал о своих уникальных победах в сфере спорта и произвел на слушателей особое впечатление.

В завершение встречи Мурат Газизович дал молодым людям советы, чтобы они, несмотря на поражения, проявили мужество и занимались спортом