4 маусым күні Мемлекеттік рәміздердің – Мемлекеттік Гимн, Елтаңба және Ту Қазақстан Республикасының тарихына енді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Кітапхананың оқу залында «Рәміздер – елдің нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған материалдар Гимнің, Елтаңбаның және Тудың қабылдану тарихы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің авторлары туралы баяндайды.
Оқырмандар назарына Е. Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы», Б. Қайырбеков»Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасы: 10 жыл шежіресі» энциклопедиясы және басқа да кітаптар, альбомдар, иллюстрациялар ұсынылды.
Алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалар мен халықтар символизмінің тарихын ашатын материалдарға үлкен қызығушылық танытты.



Дата 4 июня вошла в историю Республики Казахстан, как день рождения новой государственной символики – Гимна, Герба и Флага. Именно в этот день был принят Конституционный Закон «О государственных символах Республики Казахстан».
В читальном зале библиотеки офрмлена книжная выставка «Рәміздер – елдіктің нышаны». Материалы, преставленные на выставке, рассказывают об истории принятия Гимна, Герба и Флага, об авторах государственных символов Республики Казахстан.
Вниманию читателей представлены издания Шаймерденова Е. «Государственные символы Республики Казахстан», Артықбаева Ж. «Қазақстан тарихы», Каирбекова Б. «Государственные символы Республикип Казахстан», энциклопедия «Республика Казахстан: Хроника 10 лет» и другие книги, альбомы, иллюстрациии.
Наибольший интерес слушатели первоначальной профессиональной подготовки проявили к материалам,раскрывающим историю символики древних племен и народов, населявших территорию современного Казахстана.