«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ НЕГІЗІ»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ұлықтау күніне орай Қостанай академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен АКД курсының оқу топтарының арасында «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ НЕГІЗІ» атты викторина өтті. Сайысқа 4, 6, 23, 24 — оқу топтары қатысып сынға түсті.
Викторина таныстыру кезеңінен басталды. Осы кезеңнің қортындысы бойынша «Бейбітшілік», «Аманат», «Офицерлер» атты топтар өз ұрандарымен және топ белгілерімен таныстырды.
Келесі кезең «Бәйге», бұл кезеңде қатысушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай санын жинады.
Қортынды кезең «Кім тапқыр?» деп аталды. Топтардың ішіндегі ең тапқырлары, жүйріктері экранға берілген ребустардың шешімін тез, әрі дұрыс табуға тырысты. Сайыс соңында жинаған ұпай сандарына байланысты әділ қазылар алқасы жеңімпаз топтарды мадақтамамен мараппаттады.
Сонымен қатар сайыс барысында көрермендермен де ойындар жүргізілді.




«ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СИМВОЛЫ – ОСНОВА СТРАНЫ»

Ко дню государственных символов Республики Казахстан кафедрой общеюридических дисциплин Костанайской академии была организована викторина «ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СИМВОЛЫ – ОСНОВА СТРАНЫ» среди учебных групп курса ППП. В конкурсе приняли участие 4, 6, 23, 24 взвода.
Викторина началась с ознакомительного этапа. По итогам данного этапа свои девизы и знаки презентовали команды «Бейбитшилик», «Аманат», «Офицеры».
Следующий этап – «Байга», на котором участники набирали баллы, отвечая на вопросы.
Заключительный этап назывался «Кім тапқыр?». Самые находчивые, сообразительные из групп постарались быстро и правильно найти решение заданных на экране ребусов. По итогам конкурса жюри наградило победителей грамотами.
Также в ходе викторины были проведены игры со зрителями.