Бүгін мемлекет қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың туғанына 115 жыл толады.

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев бүкіл өмірін құқық қорғау органдарындағы қызметке арнады, екі рет (1954-1959 және 1967-1973 жылдары) Қазақ КСР Ішкі істер министрі қызметін атқарды. Еліміздің құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуына, бүгінгі таңда нағыз кәсіпқойларды дайындайтын оқу орындарының ашылуына үлкен үлес қосты. Оның ішінде біздің ІІМ Қостанай академиясы да бар.
1976 жылы 5 шілдеде 68 жасында генерал-лейтенант Қабылбаев Ш.Қ. қайтыс болды.
Ш.Қ. Қабылбаевтың ел алдындағы еңбегін және оның ішкі істер саласындағы кадрлық және мемлекеттік саясатты іске асыруға қосқан үлесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1287 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына дара тұлғаны еске алу мақсатында Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.



Сегодня исполняется 115 лет со дня рождения государственного деятеля Шракбека Кабылбаева.

Шракбек Кабылбаевич Кабылбаев, посвятил всю жизнь службе в правоохранительных органах, дважды (в 1954-1959 и 1967-1973 годах) занимал должность министра внутренних дел Казахской ССР. Внес большой вклад в становление и развитие правоохранительных органов страны, открытию учебных заведений, готовящих сегодня настоящих профессионалов. В его числе и наша Костанайская академия МВД.
5 июля 1976 года в возрасте 68 лет генерал-лейтенант Ш.К. Кабылбаев ушел из жизни.
Учитывая заслуги Ш.К. Кабылбаева перед страной и его вклад в реализацию кадровой и государственной политики в сфере внутренних дел, Постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 1287 в целях увековечения памяти о нем Костанайской академии МВД Республики Казахстан присвоено почетное имя Шракбека Кабылбаевича Кабылбаева.