Қостанай академиясының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары алғашқы кәсіби даярлау курстарының тыңдаушыларына тәжірибелі қызметкермен кездесу ұйымдастырды.

Кезекті кездесу бүгінгі күннің қаһарманы ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Амантай Джунусовпен өткізілді.

2006 жылдың 9 қазанында Тәуелсіздік даңғылының бойындағы көпірден жас қыз секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған. Ол 102 сымтетігіне өзі хабарласып, секіргеннен кейін денесін алып кетуін сұраған.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшысы дереу құтқару шарасына кіріседі. Амантай Нурумжанович ойланбастан суға секіріп, құтқару шеңберімен жағаға жеткізеді. Сол уақытта батырымыз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда, дәрігерлер де келіп жетеді.

Қызметкердің осындай батылдығы үшін 2007 жылдың 16 желтоқсанында «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Шара соңында қонаққа оқу орнының оқу-материалдық базалары, дәріс залдары көрсетілді. Міне, осындай полицейлердің жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде қаншама адамның өмірлері аман қалуда.