Ел Тәуелсіздігі қарсаңында Қостанай академиясының тыңдаушыларына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің докторанты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Руслан Жүсіповпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Руслан Батырханұлы білім алушыларға Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегендігі, бабаларымыздың осы жолда талай қиын жолдардан өткендігі, еліміздің даму тарихы туралы айтып, келешекке сеніммен қарауға, өз Отанын сүюге, қастерлеуге үндеді. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұмытпай, елінің адал болашақ қызметкерлері болуға тілек білдірді.
Накануне Независимости страны слушателям Костанайской академии была организована встреча с докторантом Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова, старшим преподавателем кафедры социально-гуманитарных дисциплин Русланом Жусуповым.


В ходе встречи Руслан Батырханович рассказал обучающимся о нелегком пути независимости, о том, что наши предки прошли на этом пути немало трудных путей, об истории развития нашей страны, обратился с верой в будущее, любви, почитанию своей Родины. Не забывая о родном языке, обычаях, традициях, пожелал стать честными будущими сотрудниками своей страны.

#тәуелсіздік