ІІМ Қостанай академиясында АДК 1-6 оку топтарының тыңдаушыларымен тәрбиелік сағатта «Құқық қорғау қызметіндегі қысылтаяң және дағдарыс жағдайы» тақырыбында Абай облысы бойынша ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлiмшесiнiң бастығы әділет майоры Камаржанов Руслан Саятбекұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Р.Камаржанов ҚАЖ мекемелерiнде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру маңызды екенiне тоқталып, бұл талапты iске асыруды сотталғандарға бiлiм беру мен мамандыққа даярлаудан басталатынын, сонымен қатар бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза өтеу орындарында еңбекке тартылып, ол үшiн еңбекақы алуға құқылы екенiн айтты.

Кездесу барысында қылмыстық атқару жүйесiнiң практикалық қызметi туралы және сотталғандармен тарбиелiк-құқықтық, жұмыстардың ерекшелiктерiне тоқталды.
Кездесуде тыңдаушылар ҚАЖ қызметiне жаңадан қабылданатын жас қызметкерлер қандай кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы керек және тағы басқа өздерiн қызықтыратын бiрқатар сұрақ қоя алды. Тəжiрибелi маман қойылған сұрақтарға нақты жауап бердi.


25 ноября 2022 года прошел кураторский час в онлайн формате со слушателими 1-6 учебных групп АДК Костанайской академии МВД РК
им. Ш. Кабылбаева. На встречу был приглашен начальник отделения организации труда осужденных ДУИС по Абайской области майор юстиции Камаржанов Руслан с темой «Экстремальные и кризисные ситуации в правоохранительной службе».

В работе с осужденными молодые сотрудники должны быть всегда готовы к экстремальным условиям, быть бдительными и уверенными в себе, ответственными за свою деятельность.

Р Камаржанов подчеркнул важность организации труда осужденных в учреждениях УИС и отметил, что реализация этого требования начинается с обучения и подготовки осужденных к профессии.
В ходе встречи он рассказал о практической деятельности уголовно- исполнительной системы и об особенностях.