Академия кітапханасының оқу залында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары үшін генерал Шырақбек Қабылбаевқа арналған «Шырақбек Қабылбаевтың өміріндегі өнер мен әдебиет» атты дәстүрге айналған әдеби сағаты өткізілді.
Кеште Шырақбек ағаның сүйікті ақын-жазушылары Абай, Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаевтардың лирикалық өлеңдерін өнерпаз тыңдаушылар нақышына келтіріліп оқыса, Төлеген Әлішер домбырамен сазды ән шырқады. Сонымен қатар Академияның дарынды түлектерінің генерал Шырақбек Қабылбаев аталарына, Қостанай академиясына арнаған жалынды өлеңдері де оқылып, ерекше әсер берді.
Кітапхананың кітапханашы Қаламқас Арғынғазина көрермендерді Шырақбек Қабылбаевқа арналған «Тұғыры биік тұлға» атты көрмемен таныстырып, көрмедегі оның тікелей қолдауымен шыққан «Синие шинели», «Преступления могло не быть», «Особое назначение» атты және т.б. басылымдарына шолу жасады.
Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Сания Жиентаева құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын осындай өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, алғысын білдірді.




В читальном зале Академии для слушателей первоначальной подготовки прошло традиционное библиотечное мероприятие – литературный час, посвященный генералу Шракбеку Кабылбаеву, имя которого носит Костанайская академия МВД РК.
Шыракбек Кабылбаев был многогранной личностью, но особое место в его жизни занимали любовь к казахской, русской и мировой литературе, трепетное отношение к казахской музыке. Его познания в этих отраслях покоряли многих знатоков и ценителей литературы и искусства.
Вниманию аудитории библиотекарем К.С. Аргингазиной был представлен рассказ об изданиях, вышедших под редакцией Кабылбаева «Синие шинели», «Преступления могло не быть», «Особое назначение» и обзор книг, представленных на выставке «Түғыры биік тұлға». В завершении вечера заведующая библиотекой С.К. Жиентаева отметила роль и значение таких мероприятий в подготовке и воспитании будущих сотрудников органов внутренних дел.