ІІМ Қостанай академиясына пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлерін даярлау бойынша тәжірибе алмасу үшін Қырғызстан Республикасынан делегация келді. Іс-шараға ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев қатысады.

Екі күндік сапар барысында Қырғызстан Республикасының жазаны орындау қызметінің делегациясы Пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығымен, Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығымен танысады. Сондай-ақ Нельсон Мандела ережелерін зерттеу орталығында кездесу өтеді.

Қырғызстан Республикасының Қылмыстық – атқару жүйесі қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығының бастығы Болатбек Абдрахманов, Қырғызстан Республикасының Жазаны орындау қызметі бас штабының бастығы Баатырбек Калыгулов, ішкі қызмет капитаны Эльвира Мондурбаева, Жазаны орындау қызметі бас штабының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға инспекторы Айнур Базаркулова ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлерімен бірлесіп, дөңгелек үстелде «Кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін жағдайлар ретінде білім беру және ғылыми қызметтің бірлігі» тақырыбын талқылайды.

В Костанайскую академию МВД для обмена опытом по подготовке сотрудников пенитенциарных учреждений приехала делегация из Кыргызской Республики. В мероприятии принимает участие заместитель председателя КУИС МВД РК генерал-майор юстиции Мейрам Аюбаев.

В ходе двухдневного визита делегация службы исполнения наказания Кыргызской Республики ознакомится с Центром по подготовке специалистов службы пробации, Центром по подготовке специалистов УИС по противодействию экстремисткой идеологии. Также будет проведена встреча в центре по изучению правил Нельсона Манделы.

Начальник Учебного центра по подготовке и повышению квалификации сотрудников уголовно – исполнительной системы Кыргызской Республики Болатбек Абдрахманов, начальник Главного штаба службы исполнения наказания Кыргызской Республики Баатырбек Калыгулов, капитан внутренней службы Эльвира Мондурбаева, старший инспектор отдела международного сотрудничества Главного штаба службы исполнения наказания Айнура Базаркулова совместно с сотрудниками Костанайской академии МВД обсудят за круглым столом тему – «Единство образовательной и научной деятельности, как условия способствующие повышению качества подготовки кадров».