Ағымдағы жылдың 10-15 қазан аралығында ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы базасында ұйымдастырылған «Білім берудегі менеджмент негіздері» атты тақырыбында ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының орталық және кафедра басшылары біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Біліктілікті арттыру барысында Алматы академиясының оқу процесін, қосымша білім беруді және ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, білім берудің дәстүрлі және иновациялық әдістері мен нысандарын ұйымдастыру, менеджменттің қазіргі даму тенденциялары, менеджердің білім берудегі көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеттері тақырыбында дәріс тыңдалды. Басқарушылық қызметтегі заманауи шешендік өнер, көпшілік алдында сөйлеу өнері атты тренингтер ұйымдастырылды.
Біліктілікті арттыру курсының қорытындысында тиісті үлгідегі сертификаттар табысталды.

С 10 по 15 октября руководители центров и кафедр Костанайской академии МВД прошли курсы повышения квалификации на тему «Основы менеджмента в образовании», организованные на базе Алматинской академии МВД имени М. Есбулатова.

В ходе повышения квалификации были заслушаны лекции на тему ознакомление с особенностями организации учебного процесса, дополнительного образования и научной работы Алматинской академии, организация традиционных и инновационных методов и форм образования, современные тенденции развития менеджмента, лидерство и лидерские качества менеджера в образовании. Были организованы тренинги по современному ораторскому искусству в управленческой деятельности, искусству публичных выступлений.
По итогам курсов повышения квалификации были вручены сертификаты соответствующего образца.