Шетелдік сарапшылар тобы ІІМ Қостанай академиясына ат басын тіреді. Кездесудің басты мақсаты — қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу.

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен «ҚАЖ қызметкерлері мен Орталық Азия өңіріндегі пробация қызметінің кәсіби дайындығы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

ІІМ Қостанай академиясы ҚАЖ қызметкерлерін даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатынын айта кеткен жөн, сонымен қатар мұнда ғана Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығы, Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығы жұмыс істейді. Шетелдіктер оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ өз елінде осындай бірегей Орталықтардың ашылуын атап өтті.

Іс-шарада Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдері қызметкерлердің экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу әлеуетін арттыру жобалары туралы айтып, жұмыстың осы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.

Орталық Азия үшін БҰҰ ЕҚБ өңірлік өкілдігі БҰҰ ЕҚБ, KazAID және Сыртқы істер министрлігі арасындағы әріптестік шеңберінде шетелдік делегацияның Қостанай академиясына оқып-үйрену сапарын өткізуді қолдады.

Группа зарубежных экспертов посетила Костанайскую академию МВД. Главный посыл встречи – обмен опытом в сфере уголовно-исполнительной системы.

На площадке Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева проведен круглый стол «Профессиональная подготовка сотрудников УИС и службы пробации в Центрально-Азиатском регионе» с участием представителей Кыргызстана, Таджикистана, Узбекистана.

Необходимо отметить, что Костанайская академия МВД является единственным вузом в Центральной Азии, осуществляющим подготовку сотрудников УИС, наряду с этим только здесь функционируют Центр по подготовке специалистов УИС по противодействию экстремистской идеологии, Центр по подготовке специалистов службы пробации. Иностранцы отметили важность дальнейшего сотрудничества в рамках реализации учебных программ, а также открытие подобных уникальных Центров в своей стране.

На мероприятии представители Таджикистана, Узбекистана, Кыргызстана и Казахстана рассказали о проектах повышения потенциала сотрудников в работе с осужденными за преступления экстремистской и террористической направленности, поделились опытом межведомственного взаимодействия в данном направлении работы.

Региональное представительство УНП ООН для Центральной Азии поддержало проведение учебного визита иностранной делегации в Костанайскую академию в рамках партнерства между УНП ООН, KazAID и Министерства иностранных дел.