Бүгін жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Кайнар Ерболат «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің БАҚ, блогерлер және тұрғындармен қарым-қатынас жасау» бағыты бойынша Академияға біліктілігін арттыруға келген жас мамандарға кезекті сабағын өткізді.

Сабақ жоспары екіге бөлініп ұйымдастырылды, ең алдымен ІІО қызметкерлерінің БАҚ маңыздылығына қатысты, ІІО қызметіндегі рөлі, даму қарқыны, ораторлық шеберлігі және тағы басқа теориялық бағыттары берілді. Ал екінші сабақтың бағыты бойынша білім алушыларды 3 топқа бөліп, әрқайсысына ерекше жағдаяттық тапсырмалар берілді, оның барысында сервистік полицияның бағытын ашып, блогерлермен қарым-қатынас жасау әдістерін көрсету, қоғамдық резонанс тудырған бейнематериалға түсініктеме беру қажет болды.

Сегодня начальник кафедры общеюридических дисциплин, подполковник полиции Кайнар Ерболат провел очередное занятие по направлению «Взаимодействие сотрудников органов внутренних дел со СМИ, блогерами и населением» для молодых специалистов, прибывших в Академию для повышения квалификации.

План занятий был разделен на две части, в первую очередь были даны важные теоретические направления, касающиеся важности СМИ, его роли в деятельности ОВД, темпов развития, ораторского мастерства сотрудников ОВД и др. Во второй части занятия, разделив обучающихся на 3 группы, были даны особые ситуационные задания, в ходе которых необходимо было раскрыть направление сервисной полиции, продемонстрировать методы общения с блогерами, прокомментировать видеоматериал, вызвавший общественный резонанс.