Африкадан келген офицерлер Қостанайға сотталғандармен жұмыс істеуде тәжірибе алмасу үшін келді

Бүгін Қостанай академиясында қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу үшін келген Уганда және Тунис пенитенциарлық қызметтері делегацияларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

2019 жылы Қазақстан Сотталғандар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕО-БҰҰ жаһандық бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өту қажет. Бұл бағдарламада Қостанай академиясы сотталғандарды радикалды көзқарастан арылтуды және олардың қоғамға оралуын қамтамасыз ететін түрме персоналы мен пробация қызметін оқыту және біліктілігін арттыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.

Іс-шарада Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі және оны кадрлық қамтамасыз етудің жалпы таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, Тунис пен Угандадан келген әріптестер өз елдеріндегі экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге қызметкерлерді дайындау туралы айтып, сотталғандармен жұмыс істеудің осы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.
Сапар барысында қонақтар Пробация қызметі мамандарын даярлау және Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталықтарымен танысып, Академияның магистранттары мен докторанттарымен кездесті.

Офицеры из Африки приехали в Костанай для обмена опытом в работе с осуждёнными

Сегодня в Костанайской академии прошел круглый стол с участием делегаций пенитенциарных служб Уганды и Туниса, прибывших для обмена опытом работы в сфере уголовно-исполнительной системы.
Необходимо отметить, что в 2019 году Казахстан стал участником Глобальной программы ЕС-ООН по противодействию экстремизму и терроризму среди осужденных. В данной программе Костанайской академией достигнуты положительные результаты по обучению и повышению квалификации тюремного персонала и служб пробации, обеспечивающих дерадикализацию осужденных и их возвращение в общество.
На мероприятии была проведена общая презентация уголовно-исполнительной системы Казахстана и её кадрового обеспечения. Также коллеги из Туниса и Уганды рассказали о подготовке сотрудников к работе с осужденными за преступления.