Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Әйгерім Уәлидің ұйымдастыруымен 1-курс магистранттары арасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Полиглот» викторинасы өтті.

Викторина «Бәйге», «Меломан», «Пантомима» атты 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Білгірлер» және «Ғалымдар» болып екі топқа бөлінді. 1-кезеңде қатысушылар берілген сұрақтарға 3 тілде жауап беріп жарысса, «Меломан» кезеңінде танымал әндердің аудармасын оқып, әннің түпнұсқасын тапты. Соңғы шешуші «Пантомима» кезеңінде топ капитандары өз топтарына, жасырылған тұрақты сөз тіркестерін іс-қимылмен түсіндіру арқылы сайысқа түсті.
Викторина соңында ұпай саны бойынша «Білгірлер» алға шығып, жеңіске жетті.

В честь празднования Дня языков народов Казахстана, среди магистрантов 1 курса Академии прошла викторина «Полиглот», организованная преподавателем кафедры общеюридических дисциплин, старшим лейтенантом полиции Уали Айгерим.
Викторина состояла из 3 этапов: «Байга», «Меломан», «Пантомима». Участники разделились на две группы — «Білгірлер» и «Галымдар». На 1 этапе они отвечали на заданные вопросы на 3-х языках, на этапе «Меломан» читали перевод популярных песен и искали ее оригинал. На третьем этапе «Пантомима» капитаны команд соревновались в своих группах, объясняя фразеологизмы, указанные на розданных карточках, мимикой.
В конце викторины «Білгірлер» по количеству очков вышли вперед и одержали победу.