Бүгін ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл!

1895 — 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі «Әдебиет танытқыш».

Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды. 1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халык өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.

1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, «халық жауы» деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.

1988 жылы ақын ақталды.Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» атты өлеңдер жинағы шықты.

#ахметбайтұрсынұлы150