Алғашқы кәсіби даярлық курсында білім алып жатқан болашақ бақылаушы қыздар бақылаушы лауазымында 17 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан «УК-161/1 мекемесі» РММ күзет режимінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Динара Каушевамен кездесті.

Кездесу барысында тыңдаушылардың болашақ атқаратын қызметінде кездесетін қиындықтар және олардан шығу жолдары туралы тәжірибемен бөлісті.

— Білікті маман болу әр қызметкердің өзіне байланысты. Жас қызметкерлерге айтарым, білмейтін сұрақтар болса жан-жақты ізденіп, қызығушылық танытып сұраған дұрыс. Бақылаушы қызметі мекемеде маңызды орын алады, себебі бақылаушының бойында психологқа, режим қызметкеріне және жедел қызметкерлерге тән қасиет болу қажет – дейді әділет старшинасы Динара Каушева.

Автор: Айдана СЕРИКБАЕВА, ОСБ взвод командирі полиция аға лейтенанты