Бүгін, 13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған 30 жылда – даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілігін, көпұлтты Қазақстан азаматтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің орны ерекше.
Құрметті ел тыныштығының сақшылары!
Мемлекеттік бейбітшілік пен татулықты, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуде, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтап, бәрінің заң алдында теңдігін қалыптастыруда Сіздерге артылар жүк ауыр.
Атаулы мереке қарсаңында баршаңызға амандық, дендеріңізге саулық, елге деген қызметте табыс тілейміз. Еліміз бейбіт, тыныштығымыз мәңгілік болсын!