Қостанай академиясының қабырғасында сотталғандың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

АҚЖКБ директорының орынбасары, Қазақстанның ҮЕҰ азаптауларға қарсы коалициясының үйлестірушісі Роза Ақылбекова заңсыз қамауда ұстау, азаптаулар мен қатыгездік көрсету фактілерімен бетпе-бет келген жағдайда қандай шараларды қолдану қажеттігі және Қазақстандағы азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасты жою бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Өз кезегінде з.ғ.д., АҚЖКБ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Қуат Рахымбердин ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінің, басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін сотталған әйелдердің құқықтарына, оларды сақтауға және COVID-19 пандемиясының дағдарыс жағдайында қамтамасыз етуге арналған оқу құралын таныстырып, өзекті мәселені ортаға салды.

Қазақстанның түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің жағдайына жүргізілген мониторинг қорытындылары және агрессорлармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы жайлы «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова айтып өтті.

Семинар қорытындысы бойынша баяндамашылар тарапынан Академияның жеке құрамымен тікелей байланыста болып, аталмыш тақыптардың төңірегінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу ұсынысы жасалды. Сондай-ақ шара соңында қонақтарға Академия музейі мен оқу полигоны көрсетілді.

В стенах Костанайской академии обсуждались вопросы защиты прав осужденных и профилактики насилия.

Заместитель директора КМБПЧ, координатор Коалиции НПО Казахстана против пыток
Роза Акылбекова рассказала о том, какие меры необходимо предпринять в случае столкновения с фактами незаконного содержания под стражей, пыток.

В свою очередь, д. ю.н., директор Восточно-Казахстанского филиала КМБПЧ Куат Рахимбердин презентовал учебное пособие для сотрудников учреждений КУИС МВД РК, других правоохранительных органов, посвященное правам осужденных женщин.

Об итогах мониторинга состояния женщин, отбывающих наказание в исправительных учреждениях Казахстана и работе по профилактике бытового насилия с агрессорами рассказала председатель правления ОЮЛ «Союз кризисных центров» Зульфия Байсакова.

По итогам семинара со стороны докладчиков были даны рекомендации поддерживать непосредственный контакт с личным составом Академии и проводить совместные научные исследования в рамках данной тематики. В завершении мероприятия гостям был продемонстрирован музей Академии и учебный полигон.