Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бюросының қаулысына сәйкес өзінің жұмыс сапары аясында біздің оқу орнымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Мамедович Магеррамов келді.

Жұмыс сапарымен келген халық қалаулысы ең алдымен Академияның жеке құрамымен кездесіп,жақында өткен маңызды саяси оқиға жайлы, Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және оның бағыттары, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау механизмін күшейту, Қазақстан Республикасында Конституциялық Сотты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді құру туралы айтып берді.

Жиында депутат пен жеке құрам арасында диалог өрбіді. Қызметкерлер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауап ала білді.
Аталмыш іс-шара киелі білім ордасын аралаумен жалғасын тапты. Қонаққа оқу аудиториялары мен тарихтан сыр шертетін музей көрсетілді.

В соответствии с постановлением Бюро Мажилиса Парламента Республики Казахстан в рамках своего рабочего визита наше учебное заведение посетил депутат Мажилиса Парламента РК Магеррам Мамедович Магеррамов.

Прибывший с рабочим визитом М. Маггерамов встретился с личным составом Академии, рассказал об основных изменениях и дополнениях в Конституцию, проводимой конституционной реформе и ее направлениях, усилении роли и статуса Парламента, расширении участия населения в управлении страной, усилении механизма защиты прав граждан, создании Конституционного суда, уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан.

Между депутатом и личным составом состоялся диалог. Сотрудники смогли задать интересующие их вопросы и получить на них ответы.
Данное мероприятие продолжилось экскурсией по учебному заведению. Гостю были продемонстрированы учебные аудитории и музей Академии.