Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атқа абыройлы қызмет ете беріңіздер!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Мереке құтты болсын!