2022 жылғы 1 маусымда Қостанай облысының прокуроры Берік Әбіловтің басшылығымен өткен прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында 2021-2022 жылдардағы облыстың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және пробация қызметіндегі заңдылықтың жай-күйі мәселелері қаралды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары В.Н.Ионенко, қылмыстық-атқару жүйесі, полиция департаменттерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының, облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығы қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау органдарына беру туралы тапсырмасын орындауға назар аударылды: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап — Қостанай қаласының тергеу изоляторы, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – қалған мекемелер беріледі.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың бақылауына берілген сотталғандарды қайта әлеуметтендіру тақырыбы жеке қозғалды.

Бұған қоса, алқа сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасын бекітті, еңбекпен қамту, мекемелерді техникалық жарақтандыру және нығайту бойынша жоспарларды белгіледі.

Соңында Берік Әбілов жүргізіліп жатқан жұмыстың және Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай Академиясының құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қостанай, Арқалық қалалары мен Жітіқара ауданының пенитенциарлық жүйесінің қызметкерлерін даярлау бойынша әлеуетін пайдалану қажеттілігінің маңыздылығын атап өтті.

1 июня 2022 года на расширенном заседании коллегии прокуратуры под руководством прокурора Костанайской области Берика Абилова рассмотрены вопросы состояния законности в учреждениях уголовно-исполнительной системы и служб пробации области за 2021-2022 годы.

В работе коллегии приняли участие заместитель акима области Ионенко В.Н., руководство департаментов уголовно-исполнительной системы, полиции, комитета национальной безопасности, Академии МВД им. Ш. Кабылбаева, областных управлений здравоохранения, занятости и социальных программ.

На заседании уделено внимание исполнению поручения Главы государства о передаче медицинского обеспечения осужденных в органы здравоохранения: с 1 июля 2022 года — следственный изолятор г.Костанай, с 1 января 2023 года – остальные учреждения.

Отдельно затронута тема ресоциализации осужденных, которая с апреля т.г. передана на контроль местных исполнительных органов.

Кроме того, коллегией утверждена программа профилактики правонарушений среди осужденных, намечены планы по трудозанятости, техническому оснащению и укреплению учреждений.

В завершении Берик Абилов подчеркнул важность проводимой работы и необходимость использования потенциала Костанайской Академии МВД им. Ш. Кабылбаева по профилактике правонарушений и подготовке сотрудников пенитенциарной системы городов Костанай, Аркалыка и Житикаринского района.

Прокуратура Костанайской Области