Бүгін Қостанай академиясының жеке құрамына бастықтың жаңа орынбасары таныстырылды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Жандос Болатұлы Орумбаев тағайындалды.

Орумбаев Жандос Болатұлының ішкі істер органдарында 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.
Қызметін ҚР ҚЖМ МТК біліктілікті арттыру факультетінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары ҚР ІІМ Теміртау қ. училищесінің бастығы, Павлодар қ. ІІМ оқу орталығының және Қарағанды облысының ІІД бастығы, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары болып еңбек еткен.

Академия бастығының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Жандос Болатұлы оқу орнындағы кадрлық және тәрбие жұмысына жетекшілік ететін болады.

Сегодня личному составу Костанайской академии представили нового заместителя начальника.
Приказом министра внутренних дел заместителем начальника Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева назначен полковник полиции Орумбаев Жандос Болатович.

Орумбаев Жандос Болатович имеет стаж работы в органах внутренних дел более 25 лет. Окончил Карагандинский государственный университет им.Е.А.Букетова, кандидат юридических наук.
Начинал службу инспектором факультета повышения квалификации КВШ ГСК РК. В разные годы работал начальником училища МВД РК г.Темиртау, начальником учебного центра МВД в г.Павлодар и ДВД Карагандинской области, заместителем начальника ДП Павлодарской области.

До назначения на должность заместителя начальника Академии, занимал должность заместителя руководителя Управления превенции департамента Агентства по противодействию коррупции по Туркестанской области.
Жандос Болатович будет курировать кадровую и воспитательную работу в учебном заведении.