Бүгін Қостанай академиясында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Балалардың құқықтарын қорғау: полиция мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбы талқыланды.

Іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналды. Бұл Ресей мен Белоруссияның оқу орындарының өкілдері, БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, Алматы қаласының ювеналды сотының өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі педагогтар мен инспекторлар.

— Қазақстан Республикасының Президенті өз үндеуінде 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балалардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі, ал өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті, — деді өз сөзінде Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов.

Конференция осы мәселені шешу үшін полиция мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру қажет деген ортақ пікірде болған ұлттық және шетелдік сарапшылардың тәжірибелерімен алмасуға бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар суицидтің жоғары деңгейі, инклюзивті білім берудің нашар дамуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг, құмар ойындарға тартылу мәселелерін талқылады.

Конференция ертең жалғасын табады. Онда балалармен және отбасылармен жұмыс істеуде өз тәсілдері мен технологияларын ұсынуға тілек білдірген қатысушылардың өтінімдері бойынша мастер-кластар өткізу көзделген.

В Костанайской академии  МВД  имени Ш. Кабылбаева обсудили тему «Защита прав детей: сотрудничество полиции и гражданского общества» в рамках Международной научно-практической конференции.

Мероприятие  объединило  более 50 участников  — это представители учебных заведений России и Белоруссии, председатель Комитета по охране прав детей МОН, представители ювенального суда г.Алматы, педагоги и инспектора по делам несовершеннолетних.

— В своем обращении Президент Республики Казахстан объявил 2022 год — Годом детей. Глава государства отметил, что благополучие детей – надежная гарантия успешного будущего нашего государства, а гармоничное развитие и счастливое детство подрастающего поколения – это наша общенациональная задача, —  отметил  начальник Академии полковник полиции Нурлан Биекенов.

Конференция  направлена на обмен опытом национальных и зарубежных экспертов, которые были едины во мнении, что для решения   данного вопроса необходимо  объединение усилий полиция  и институтов гражданского общества.

Участники мероприятия обсудили существующие проблемы, это высокий уровень суицида, слабое развитие инклюзивного образования, насилие в отношении детей, проблемы буллинга, вовлеченности в азартные игры.

Конференция будет продолжена завтра, где предусмотрено проведение мастер-классов по заявкам участников, желающих представить собственные подходы и технологии в работе с детьми и семьями.