Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Бигуль Нуркина әжесі жайлы
Менің әжем Мүкәрама Нуркина 1909 жылы Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылында туған. Ұлы Отан соғысы жылдары еңбек еткен тыл қызметкері. Отаны үшін аянбай еңбек етіп, зейнет жасына жеткен кезде облыс, аудан басшылығы тарапынан құрметке ие болып, бірнеше мәрте марапатталған.

Ел үшін қиын жылдары төрт баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген ардақты ана, немере, шөбере сүйген аяулы әже!
97 жасқа келгенде өмірден озған әжемізді сағына еске алып, өсиет қылып қалдырған әңгімелерін, нақыл сөздері мен ақылын жадымызда сақтап келеміз! Мен өз әжемді мақтан тұтамын!