Достар, бізде жақсы жаңалық! Қостанай академиясының оқытушылары республикалық байқауда жеңімпаз атанды!

«ҚР-ның 100 ҮЗДІК МАМАНЫ — 2022» республикалық байқауында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Анна Медведева мен Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Алмат Оразов «Құқық қорғау жүйесі» саласында үздік деп танылды.

А. Медведева «Менің мамандығымның қоғам өміріндегі рөлі» тақырыбына эссе, сонымен қатар «Қазіргі Қазақстанның кадрлық әлеуетін дамыту» ғылыми жобасын дайындаса, А.Оразов «Білім алушылардың оқыту процесінде startup пайдалану технологиясы» тақырыбымен жобасын қорғады.

«Бірлік» жеке қорының ұйымдастыруымен өткен байқаудың негізгі  мақсаты Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ ұсынылған жұмыстардың техникасы мен әдістерін зерделеу негізінде түрлі саладағы үздік қызметкерлерді ынталандыру болды. Байқау түрлі сала мамандары арасында өтті құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік қызмет және т.б.

Айта кетейік, байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен номинанттары «ҚР-ның 100 үздік маманы – 2022» форумына шақырылып, ресми түрде байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

 

Друзья, у нас хорошая новость!

Преподаватели Костанайской академии стали победителями республиканского конкурса!

В республиканском конкурсе «100 Лучших специалистов РК-2022» лучшими в категории «Правоохранительная система» признаны старший преподаватель кафедры административной службы ОВД подполковник полиции Анна Медведева и преподаватель кафедры профессионально — психологической подготовки и управления ОВД старший лейтенант полиции Алмат Оразов.

А. Медведева подготовила эссе на тему  «Роль моей профессии в жизни общества», а также научный проект «Развитие кадрового потенциала современного Казахстана» . А. Оразов защитил проект на тему «Технология использования start-up обучающимися».

Основной целью конкурса, организованного частным фондом «Бірлік», стало выявление лучших специалистов Республики Казахстан, повышение конкурентоспособности, а также стимулирование лучших работников различных отраслей на основе изучения техники и методов представленных работ. Конкурс проводился среди специалистов различных отраслей правоохранительной, здравоохранения, образования, государственной службы и др.

Отметим, что победители и номинанты республиканского этапа конкурса будут приглашены на форум «100 Лучших специалистов РК-2022», где победители будут награждены дипломами.

Поздравляем!