Азаматтар сақ болыңыздар! Алаяқтар ІІМ Қостанай академиясының қызметкері деген атпен жоқ тауарларды сатқан.
Бұл алаяқтар полиция мен әскери құжаттарды қолдана отырып, адамдарды алдаған алғашқы жағдай емес.
Қаскүнемдер өздерін Тараз қаласындағы әріптестері ретінде таныстырып, полиция қызметкерінің қызметтік куәлігін алдап алған. Ештеңеден күмәнданбаған Ерболат Қайнар жағдайды түсінуге тырысып, еш ойланбастан «әріптестеріне» сұратылған ақпаратты ұсынады.
Бірнеше сағаттан кейін ОЛХ платформасында Қостанай полицейінің мәліметтері бар элиталық жиһаздарды төмен бағамен сату туралы хабарландыру жарияланды. Алаяқтар Қазақстанның кез келген қаласына тегін жеткізуге уәде берген. Сенген азаматтар жалған сатушыларға жиһаз үшін 30 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем немесе толық соманы аударған. Ақша аударымына күмәнданғандарға алаяқтар полиция қызметкерінің куәлігін жіберіп, мәміленің маңыздылығын растаған.
— Маған түрлі қалалардан адамдар қоңырау шалып, өз тауарларын беруді талап ете бастады. Барлығы менің атымнан жиһаз сатады деп мәлімдеді! Істің мән-жайы анықталғаннан кейін, бұл алаяқтар екені белгілі болды. Мен дереу Қостанай қ. ПБ Оңтүстік полиция бөліміне жүгіндім, онда қылмыстық іс қозғалды. Бүгін мен көпшілікке және әлеуметтік желілерге менің құжаттарымның фотосуреттерін алаяқтар қолданатындығы және адамдарды алдайтыны туралы ақпаратты барынша таратамын. Олардың қулықтарына түсіп қалмаңыздар! — дейді Е.Қайнар.
Полиция қызметкерінің қызметтік куәлігі алынды және ол жарамсыз, ал жеке куәлігі ауыстырылды.

Граждане будьте бдительны! Мошенники под видом сотрудника Костанайской академии МВД продают несуществующий товар.
Это уже не первый случай, когда мошенники обманывают людей, используя документы полицейских и военных.
Злоумышленники обманным путем завладели служебным удостоверением полицейского, представившись коллегами из г.Тараз. Ничего не подозревавший Ерболат Кайнар предоставил «коллегам» запрашиваемую информацию, пытаясь помочь разобраться в ситуации.
Уже через несколько часов на платформе ОЛХ было размещено объявление о продаже элитной мебели по низким ценам, с данными костанайского полицейского. Мошенники обещали бесплатную доставку в любой город Казахстана. Доверчивые граждане, переводили лжепродавцам предоплату либо полную сумму за мебель от 30 тысяч до 1 миллиона тенге. Тем, кто сомневался в переводе денег, мошенники отправляли удостоверение полицейского, тем самым подтверждая серьезность сделки.

— Мне стали звонить люди из разных городов и требовать свой товар, — рассказывает Е.Кайнар. – Все как один утверждали, что от моего имени продают мебель! После выяснения обстоятельств дела стало понятно, что это мошенники. Я незамедлительно обратился в Южный отдел полиции УП г.Костанай, где было возбуждено уголовное дело. Сегодня я максимально распространяю информацию в пабликах и социальных сетях о том, что фото моих документов используют мошенники и обманывают людей. Не попадайтесь на их уловки!
Служебное удостоверение сотрудника полиции изъято и не действительно, удостоверение личности заменено.