Қостанай академиясында «Жігіт сұлтаны» анықталды. Жігітке жеті өнер де аз дегендей оқу орынымыздың алғашқы кәсіптік даярлық тыңдауышылары арасында өткен додада жігіттер бар өнерлерін ортаға салды.
Үш кезеңнен тұратын байқауда қатысушы жігіттер өздерін, туған жерін, келген елін көрермендерге таныстырса, екінше кезеңде өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Ал соңғы шешуші сайыста қазақтың ұлттық-салт дәстүрлеріне арналған сұрақтар қойылып, сұраққа толық жауап бергендерге жоғары ұпайлар берілді. Әділ-қазылар алқасының шешімімен «Жігіттің сұлтаны» деген атқа лайық деп 4 взвод тыңдаушысы Әбдішүкір Асылжан танылды. Екінші орынды- 5 взвод тыңдаушысы Алдеков Сүндет, ал үшінші орын- 4 взвод тыңдаушысы Жексенбай Дидарға бұйырды.
-Сайысқа өз өнерлерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. Жігіттер сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін бар өнерлерін ортаға салды. Қазақ жігіттерінің рухын көтеретін бұндай сайыстар бізде тұрақты түрде өткізіліп тұрады- дейді полиция капитаны Нұрлан Бақытқалиұлы.

В Костанайской академии проведен конкурс «Жігіт сұлтаны» среди слушателей первоначальной профессиональной подготовки.
В конкурсе, который состоял из трех этапов, ребята должны были представить себя зрителям — «Визитная карточка», продемонстрировать творческие способности — умение петь песни, танцевать, читать стихи. В завершении участники отвечали на вопросы, связанные с казахскими обычаями и традициями.
Решением жюри «Жігіт сұлтаны» был признан слушатель 4 взвода Абдишукир Асылжан. Второе место занял слушатель 5 взвода Алдеков Сундет, третье — слушатель 4 взвода Жексенбай Дидар.
— В данном конкурсе сочетается и мужество, и талант, — говорит капитан полиции Нурлан Бакыткалиулы. — Ребята продемонстрировали искусство и смекалку, радуя зрителей своими номерами. Целью мероприятия стало — развитие у ребят чувства патриотизма, поднятие национального духа, воспитание любви к Родине, расширение знаний на основе национальных традиций.

Отдел идеологической и имиджевой работы