«Үздік жасақ бастығы» таңдалды!
Ол Солтүстік Қазақстан облысының ЕС-164/6 өкілі, әділет майоры Бақыт Есенғалиева болды.
ІІМ Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбие қызметі қызметкерлері арасында кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы аяқталды.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орынды жалғыз қатысушы қыз- Бақыт Есенғалиева (СҚО), 2-орынды әділет капитаны Алексей Детков (Қостанай қ.), 3-орынды Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері – Мақсат Серікханұлы мен Дархан Шыныбаев өзара бөлісті.
«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында әділет аға лейтенанты Расул Өмірзақ (Нұр-Сұлтан қ.), әділет аға лейтенанты Шыңғыс Досжанов (Қызылорда қ.), әділет аға лейтенанты Ерлан Сүлейменов (Қарағанды қ.) деп танылды.

Қазылар алқасы қатысушылардың үздік жұмыстарын атап өтті. Бұл әділет майоры Дархан Шыныбаев (Павлодар қ.). Ол өз қызметін өлең түрінде жеткізіп, кәсіби түрде көрсете білді, сондай-ақ әділет капитаны Бекзат Жақанов (Алматы қ.) және әділет аға лейтенанты Қазыбек Ермек (Шымкент қ.) марапатталды.
Әділет аға лейтенанты Исатай Шотпақов (Ақтөбе қ.) ерекше көзге түсті. Әділет капитаны Дамир Жораевтың (Атырау қ.) бейнеролигі қазылар алқасы мен көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Медициналық кәсіби даярлық білімдері мен дағдыларында әділет майоры Темур Орипжоновқа (Алматы облысы) тең келер жан болған жоқ.
Байқаудың қорытындысын шығару кезінде кәсібилік, сауаттылық, шешім қабылдау жылдамдығы және жауаптардың дұрыстығы, ұқыптылық, өзін-өзі тәрбиелеу, тапқырлық, ұйымдастырушылық, жеңіске деген ерік-жігер, шығармашылық көзқарас, орындаушылық шеберлік ескерілді.
Байқау басталғаннан бері Қостанай академиясының «Instagram», «Facebook» және Қостанай облысының ҚАЖД әлеуметтік желілерінде онлайн дауыс беру іске қосылды. Оның нәтижелері бойынша «Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясында көп дауыс жинаған қатысушылар анықталды. 1-орынды Исмаил Мухадимов (Ақмола облысы), 2-орынды Бақыт Есенғалиева (СҚО), 3-орынды Мақсат Серікханұлы (ШҚО) жеңіп алды.
-Конкурстың негізгі мақсаты кәсіби және қолданбалы білімді, дағдыларды жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыру және тәрбие бөлімі қызметкерлерінің кәсіби, психологиялық, моральдық және іскерлік қасиеттерін дамыту,-деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Б.Мұңайтпасова.

Выбран «Лучший начальник отряда»!
Им стала майор юстиции Бахыт Есенгалиева, представительница Северо-Казахстанской области ЕС-164/6.
В Костанайской академии МВД завершился республиканский конкурс профессионального мастерства среди сотрудников воспитательных служб учреждений уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
По итогам конкурса места распределились следующим образом – 1 почетное место заняла единственная девушка-участник – Бахыт Есенгалиева, 2 место- капитан юстиции Алексей Детков (г.Костанай), 3 место разделили между собой представители двух областей Восточно-Казахстанской и Павлодарской – Мақсат Серікханұлы и Дархан Шыныбаев.
В номинации «За волю к победе» были отмечены – старший лейтенант юстиции Расул Умурзак (г.Нур-Султан), старший лейтенант юстиции Шынғыс Досжанов (г.Кызылорда), старший лейтенант юстиции Ерлан Сулейменов (г.Караганда).

Жюри отметили лучшие работы конкурсантов – это выступление майора юстиции Дархана Шыныбаева (г.Павлодар), который профессионально смог преподнести себя, изложив свою деятельность в стихотворной форме, а также капитана юстиции Бекзата Жаканова (г.Алматы) и старшего лейтенанта юстиции Казыбека Ермек (г.Шымкент).
Отличился старший лейтенант юстиции Исатай Шотпаков (г.Актобе) визитная карточка которого признана одной из самых интересных и запоминающихся.
Видеоролик капитана юстиции Дамира Жораева (Атырау) не оставил равнодушным членов жюри и зрительский зал.
В знаниях и навыках медицинской профессиональной подготовки не было равных майору юстиции Темуру Орипжонову (Алматинская область).
При подведении итогов конкурса учитывался профессионализм, грамотность, быстрота принятия решений и правильность ответов, аккуратность, самодисциплина, коммуникабельность, организованность, воля к победе, творческий подход, исполнительское мастерство.
Стоит отметить, что с момента начала конкурса в социальных сетях «Instagram», «Facebook» Костанайской академии и ДУИС Костанайской области было запущено онлайн голосование, по результатам которого были определены участники, набравшие большее количество голосов в номинации «Приз зрительских симпатий». 1 место завоевал Исмаил Мухадимов (Акмолинская область), 2- место Бахыт Есенгалиева (СКО), 3 место — Мақсат Серікханұлы (ВКО).

— Основные цели конкурса – совершенствование профессиональных и прикладных знаний, навыков, повышение правовой культуры и развитие профессиональных, психологических, моральных и деловых качеств сотрудников воспитательного отдела, — подчеркнула начальник управления воспитательной и социально-психологической работы среди осужденных КУИС МВД РК Б.Мунайтпасова.

Пресс-служба Костанайской академии МВД
им.Ш.Кабылбаева