ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының, ҚАЖ мекемелерінің сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша инспекторларына біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Оқытушысы-әдіскер Руслан Мухановтың ұйымдастыруымен, курс барысында бірнеше сарапшы сабақтарға қатысты. Атырау облысы бойынша «Шапағат» ҚҚ деструктиквтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Дастан Дарханұлы «Ислам ағымдары мен топтары» тақырыбында күрделі мәлелерді көтерді. Ол Қазақстан аумағындағы өздерінің саяси пиғылдарын жасырын ұстайтын сәләфилік ағымдардың қатарында мемлекеттік құрылымды күшпен құлатуды көздейтін радикалды топтарға сипаттама берді.
Алматы қаласы Абдулла мешітінің наиб-имамы, «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистранты, теолог Бекжан Ибраймұлы қызметкерлерге сотталғандарды дерадикализациялау жаңа тәсілдерімен таныстырды. Дәріскер ата-бабаларымыз ұстанған тасаввуф деструктивті исламистік идеологияларға қарсы тұрудың маңызды құралы екенін атап өтті.

В стенах Костанайской академии МВД им.Ш. Кабылбаева проведен курс повышения квалификации инспекторов Центра подготовки специалистов УИС по противодействию экстремистской идеологии, учреждений УИС по организации теологической реабилитационной работы среди осужденных.
Преподаватель-методист Руслан Муханов принял участие в нескольких экспертных занятиях. Теолог центра помощи пострадавшим от деструктивных религиозных течений ОФ «Шапагат» по Атырауской области Дастан Дарханулы выступил на тему «Исламские течения и группы».
Наиб-имам мечети Абдулла г. Алматы, магистрант Египетского университета исламской культуры «Нур-Мубарак», теолог Бекжан Ибраймулы ознакомил сотрудников с новыми способами дерадикализации осужденных. Лектор отметил, что тасаввуф, которому следовали наши предки, является важным средством противодействия деструктивным исламистским идеологиям.

Руслан МУХАНОВ, ЭИҚТ ІҚБ ҚАЖ МД орталығының оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты