«Заң пәндерін оқытудың заманауи әдістемесі» осындай атаумен педагогикалық шеберлік мектебінің 1 жылғы курсын өтушілерге дәріс сабағы өтті.
Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, полиция полковнигі Альфия Айтуарова заң пәндерін оқытудың заманауи әдістемесін ведомствалық оқу орындарында күнделікті білім беру үдерісінде оқу мақсаттарына тиімді пайдалана білу, оқытушының кәсіби шеберлігіне байланысты екендігін атап өтті.

Ведомствалық білім беру мекемелері мен заң ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдерін қарастырды.

Оқу-әдістемелік орталығы