Дебат технологиясы – сапалы білім мен саналы тәрбие құралы

Қостанай академиясының педагагогикалық шеберлік мектебінің 1 жылғы курсын өтушілеріне дәріс сабағы өткізілді.
«Дебаттық технологиялар-аудиториядан тыс іс-шараларды өткізу нысандарының бірі ретінде» тақырыбында Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция майоры Болат Алпеисов дәріс сабағын берді.
Сабақ барысында оқытушы дебат технологиялары арқылы білім алушылардың оқыту формасы мен технологиясы ретінде білім беру үрдісін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми ізденісті, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, зерттеу жүргізуді қалыптастыруды және тәрбие жұмыстарын танымдық ойын ретінде түсіндірді.

Оқу-әдістемелік орталығы