Қостанай академиясының қабырғасында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің УК 161/2 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Канат Шакибаев оқу полигонын пайдалана отырып, тыңдаушылармен семинар сабағын өткізді.

Оқудың теориялық бағытына үлкен мән беріп, түсініп, нақты білім алуға назар аудару керектігін айтты, сонымен қатар ширақ қимылдау, жауапкершілік, белсінділік сияқты қасиеттерді осы кезден қалыптастыру керектігін ескертті.
Кездесу конструктивті түрде өткізілді. Тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Мадияр ҚАЛҚАМАНҰЛЫ, Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры