Бүгін ІІМ Қостанай академиясында жас полицей Дархан Базарбаев атындағы патрульдік полиция аудиториясы ашылды.
Іс-шара полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандар туралы бір минут үнсіздікпен басталды.
Дарханның әкесі Серік Қалиев ұлының әрдайым полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтады. 2016 жылы әскердегі қызметінен кейін Дархан Қостанай АПБ патрульдік полициясында жұмыс істей бастады. Ол жұмысын жақсы көріп, әрқашан адамдарға көмектесуді армандады. Мінезі ашық, мейірімді болатын деп әріптестері оны жылы лебіздерімен еске алды.
Батырдың әкесі Серік Қалиев, ұлының есімі қазақстандық полиция тарихына қалғанын атап өтіп, Қостанай академиясындағы атаулы аудиторияның ашылғаны үшін алғысын білдірді.
Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов полицей мамандығының өмірге қауіп төндіретінін тілге тиек етті. Дархан Базарбаев алған жарақатына қарамастан, қарулы қылмыскерді ұстап, залалсыздандырды.

-Бүгін біз Д.Базарбаев атындағы аудиторияны ашып отырмыз, онда курсанттар мен әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша алғашқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушылары оқитын болады, — деді Н.Биекенов. — Академия өз елінің Отанына қызмет етуге және азаматтардың тыныштығын қорғауға дайын жас және жауапты патриоттарын дайындауда.
Аудитория заманауи талаптарға сай, мұнда батырдың өмірі туралы баяндайтын стендтер орнатылған, сондай-ақ барлық қажетті әдебиеттер мен көрнекі құралдар бар.
ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев Академия түлектерінің Дархан Базарбаев сияқты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда адал және кәсіби қызмет ететініне сенім білдірді. Оның ерлігі әрқашан жас ұрпаққа үлгі болады.

Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті қаза тапқаннан кейін батыр-полицейді ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады. 2020 жылдың желтоқсанында батыр Дархан Базарбаевтың есімі жастардың Алтын кітабының «Жас батырлар» номинациясына енгізілді. Ол біздің жадымызда мәңгі қалмақ!

19 января в годовщину гибели молодого полицейского Дархана Базарбаева в Костанайской академии МВД открыли аудиторию памяти героя.
Мероприятие началось с минуты молчания в память о погибших при исполнении служебных обязанностей сотрудников полиции.
Отец Дархана Серик Калиев рассказ о том, что его сын всегда мечтал работать в полиции. В 2016 году, после службы в армии, Дархан стал работать дежурным, а потом в патрульной полиции Костанайского РОВД. Работа ему нравилась, он всегда мечтал помогать людям, был открытым и доброжелательным, за что коллеги до сих пор вспоминают его теплыми словами.
-Сегодня два года, как не стало нашего сына,- говорит Серик Калиев, но его имя вошло в историю казахстанкой полиции. Благодарим Костанайскую академию, за то, что увековечили память сына именной аудиторией.

Начальник Костанайской академии полковник полиции Нурлан Биекенов отметил, что профессия полицейского связана с риском для жизни. Дархан Базарбаев, несмотря на полученное ранение, задержал и обезвредил вооруженного преступника.
-Сегодня мы открываем аудиторию имени Д. Базарбаева, где будут обучаться слушатели курсов первоначальной профессиональной подготовки по административно-правовой специализации, — сказал Н.Биекенов. –Академия готовит молодых и ответственных патриотов своей страны, готовых служить Родине и охранять покой граждан
Аудитория соответствует современным требованиям, здесь установлены стенды с фотографиями Базарбаева, размещенные на стенах класса, рассказывающие о жизни героя, а также имеется вся необходимая литература и наглядные пособия.

Заместитель начальника ДП полковник полиции Ардак Ынтыкбаев выразил уверенность, что выпускники Академии будут служить честно и профессионально, достойно стоять на страже законности и правопорядка, как это делал Дархан Базарбаев. Его подвиг всегда будет служить примером для молодого поколения.
За мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении служебного долга, Президент Республики Казахстан посмертно наградил героя-полицейского орденом «Айбын» ІІІ степени. В декабре 2020 года имя героя Дархана Базарбаева внесено в “Золотую книгу молодежи” в номинации «Молодые герои». Он навсегда останется в нашей памяти.

Пресс-служба Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева