ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!
Ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланның, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлерін, қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, ведомстволық оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл – әрқайсымыздың өміріміздегі ең бір жарқын мерекелердің бірі. Бұл болашаққа деген жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар кезеңі.
Еліміздің қалыптасуының барлық кезеңдерінде мемлекет мүддесін қорғауды, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететін ішкі істер органдарына ерекше орын берілді.
Пандемия кезінде елдегі жағдай полиция қызметкерлерінің маңызды рөлін көрсетті, олар өздерінің функционалдық міндеттерімен қатар медицина қызметкерлерімен бірге тәулік бойы карантиндік шараларды жүргізуде қолдау көрсетті.
Барша қазақстандықтардың, соның ішінде құқықтық тәртіп сақшыларының ерен еңбегінің нәтижесінде халқымыз тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімдік жағдайына қол жеткізді.
Алдағы жылы ішкі істер органдары жүйесін одан әрі жетілдіру, қылмысқа тиімді қарсы тұру және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жоспарларды жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Қазақстан полициясын дамытуға және жеке құрамды патриоттық тәрбиелеуге зор үлес қосуды жалғастырып жүрген ардагерлерімізге ризашылығымды білдіремін.
Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін.