Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жаңа жыл қарсаңында бірқатар қызметкеркерлер зейнет демалысына шықты.
Киелі білім ордасында талай жыл еңбек етіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген полиция полковнигі Ербол Каппасов, полиция полковнигі Рустам Донанов, полиция подполковнигі Гулизат Едресова, Елена Бекжанова, Берик Султанов, полиция прапорщигі Марат Токушевті Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов зейнеткерлік демалысқа шығуларымен құттықтады. Академия қабырғасында атқарған адал қызметтері үшін алғысын білдіріп, олардың талай курсантқа терең білім мен саналы тәрбие берген ұстаздардың қатарынан екендігін ерекше атап өтті.

Айта кету керек, зейнетке шығушылар арасында жеті жылдан астам уақыт бойы Академия бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы да бар. Осы уақыт ішінде ол тек әріптестері мен түлектердің ғана емес, ішкі істер органдары мен ЖОО арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.
Іс-шара соңында өздерінің қызметтік міндеттерін адал ниетпен орындағаны, Академияның білім беру және тәрбие ісіне, оқу мекемесінің беделін нығайтуға қосқан үлестері үшін Ербол Каппасов «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгісімен, ал ардагерлер грамоталармен марапатталды.

В преддверии Нового года в Костанайской академии МВД им.Ш. Кабылбаева ряд сотрудников вышли на заслуженный отдых.

Полковник полиции Ербол Каппасов, полковник полиции Рустам Донанов, подполковник полиции Гулизат Едресова, Елена Бекжанова, Берик Султанов, прапорщик полиции Марат Токушев.
Начальник Академии полковник полиции Нурлан Биекенов поздравил сотрудников с выходом на заслуженный отдых.

Н.Биекенов поблагодарил за добросовестный труд и профессионализм.
Стоит отметить, что среди сегодняшних виновников торжества — полковник полиции Ербол Каппасов, который более семи лет занимал должность заместителя начальника Академии. За это время он пользовался большим уважением и авторитетом среди коллег и выпускников вуза.

В завершение мероприятия Е. Каппасов был награжден нагрудным знаком «Шыракбек Кабылбаев», ветераны грамотами.