ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өткізілді.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы, ізденуші полиция майоры Ержан Хакимов «Жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.
Академия ұжымы Ержан Маратұлын диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды! Біз оған шексіз ынта мен өз қызметінде үнемі табысқа ұмтылуды, жоғары жетістіктер мен марапаттарды , қызметке деген күш пен қызығушылықтың сарқылмас ағымын, үлкен жоспарлар мен олардың міндетті түрде іске асыруын тілейміз.