4 курс курсанттары мен олардың ата-аналары мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Академия бастығы Нұрлан Биекенов 4 курс курсанттарымен кездесті. Полиция полковнигі Н.Биекенов полиция қызметкерлерінің моральдық-этикалық қасиеттерінің маңыздылығын атап өтіп, курсанттарды құқық нормаларын басшылыққа алып қана қоймай, адамгершілік туралы ұмытпауға, іс жүзінде адамдарға сыпайы және қамқор болуға шақырды.

Бұл күні «полиция кіші сержанты» атағы екі курсант Айдос Сағындықов пен Нұрсұлтан Аджихановқа берілді. Академия бастығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен 7 курсант марапатталды. Алғыс сөздері жазылған хаттар Академия мен курстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан төрт курсанттың ата-аналарына жолданды.

Курсанты 4 курса и их родители отмечены грамотами и благодарственными письмами.
В канун Дня Независимости Республики Казахстан начальник академии Нурлан Биекенов встретился с курсантами 4 курса, которым вскоре предстоит прохождение производственной практики. Полковник полиции Н.Биекенов подчеркнул важность морально-этических качеств сотрудников полиции и призвал курсантов не просто руководствоваться нормами права, но и не забывать о человечности, вежливо и внимательно относиться к людям, находясь на практике.

В этот день звание «младший сержант полиции» вручены двум курсантам Айдосу Сагындыкову и Нурсултану Аджиханову. Грамотами и благодарственными письмами начальника Академии поощрено 7 курсантов. Письма со словами благодарности направлены родителям четырех курсантов, которые, активно участвовали в общественной жизни Академии и курса.