20-дан астам адам Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында марапатталды. Бүгін жоғары оқу орнының үздік қызметкерлері мерзімінен бұрын атаққа және ел Президентінің наградаларына ие болды.
Салтанатты шараға Академия басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, жеке құрам қатысты.
Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов ҚР ІІМ министрінен құттықтау жеделхатын оқып, қатысушыларды мерекемен құттықтай отыра, полиция қызметкерлері мен ардагерлерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»» мерейтойлық медалімен ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нурлан Тулкинбаев, кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Аужанов, қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Аманат Мұрат марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік борышын адал атқарғаны үшін қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы Серік Едіресовке мерзімінен бұрын «полиция полковнигі» арнаулы атағы берілді. Сондай-ақ, «полиция майоры» атағына қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Аманат Мұрат ие болды.
Салтанатты рәсім соңында ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Сергей Калашников, Сағынтай Жасубиев, Нұрлан Қабдрахметов, Вячеслав Пряхин, Борис Болотских, Жәнібек Байназаров «КСРО ІІМ мінсіз қызметі үшін 20 жыл» медалімен марапатталды.

Более 20 человек поощрены в канун Дня Независимости в Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева. Звания досрочно и награды от Президента страны сегодня получили лучшие сотрудники вуза.
В торжественном мероприятии приняли участие руководство Академии, ветераны органов внутренних дел, личный состав.

Начальником Костанайской академии полковником полиции Нурланом Биекеновым была зачитана поздравительная телеграмма от Министра МВД РК. Поздравив с праздником присутствующих, Н.Биекенов вручил медали, грамоты и благодарственные письма сотрудникам полиции и ветеранам.

Указом Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» награждены начальник кафедры организации социальной работы в ОВД полковник полиции Нурлан Тулкинбаев, начальник отдела кадровой политики подполковник полиции Руслан Аужанов, старший преподаватель кафедры уголовного права и организации исполнения наказания капитан полиции Аманат Мурат.
Приказом Министра внутренних дел РК генерал-лейтенанта полиции Ерлана Тургумбаева за добросовестное исполнение служебного долга начальнику кафедры уголовного процесса и криминалистики Серику Едресову досрочно присвоено специальное звание «полковник полиции». Также звания «майор полиции» досрочно удостоен старший преподаватель кафедры уголовного права и организации исполнения наказани Аманат Мурат.
В завершении торжественной церемонии дань уважения была отдана ветераном органов внутренних дел. Сергей Калашников, Сагынтай Жасубиев, Нурлан Кабдрахметов, Вячеслав Пряхин, Борис Болотских, Жанибек Байназаровнаграждены медалью «20 лет за безупречную службу МВД ССР».

Пресс-служба Костанайской академии МВД
им.Ш.Кабылбаева