Оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу тәртібі
Қостанай академияның жас оқытушыларына арналған педагогикалық шеберлік мектебінде оқыту курсының 1 жылғы қатысушыларына оқу-әдістемелік орталығының бастығы полиция майоры Медетбек Смагулов пен кәсіби даярлық факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі Лилия Кинжебаева «Оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу тәртібі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында Академияның оқу үдерісінде қолданыстағы оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда құжаттамаларды жүргізу тәртібін және соған сәйкес білім саласындағы бұйрықтарды қадағалау туралы талқыланды.
Оқу-әдістемелік орталығы