ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні» тақырыбында 4-курс курсанттарына дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты курсанттар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш, туған жерге деген сүйіспеншілік, дәстүрді құрметтеу болды.

Оқытушылар білім алушыларға желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, ата-бабаларымыз аңсаған егемендіктің мән-мағынасы, тәуелсіздік жолында құрбан болған ақтаңдақ жастарымыздың ерен еңбектері жайлы баяндады. Ызғарлы желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетіліп, Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы болғанын атап өтті.